«ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» САХНАСЫНДА FOLK SHOW МУЗЫКАЛЫҚ ШОУ-БАҒДАРЛАМАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ
11.10.2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында көрермен назарына FOLK SHOW ауқымды музыкалық шоу-бағдарламасы ұсынылды.
Бұл жоба әлемдік саундтректерді, классикалық шығармаларды, рок музыкасын және қазақтың дәстүрлі өнерін бір сахнада тоғыстырған ерекше музыкалық кеш болды.
Бағдарлама барысында Queen тобының хиттері, Hans Zimmer, Yanni, Lalo Schifrin сынды әлемге әйгілі композиторлардың шығармалары, танымал фильмдер мен сериалдардың саундтректері, сондай-ақ қазақ музыкасының үздік туындылары орындалды.
Кештің ерекше атмосферасын Qazaqconcert өнерпаздарының, «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры әртістерінің, солистер мен музыканттардың өнері толықтырды. Атап айтқанда, Меруерт Желдібаева, Айзат Қарабек, Ільяс Төлеген (дудук), Гүлім Атошева (прима-қобыз), Олжас Құрманбек (қобыз), Санджай Альмишев (сыбызғы), Құралай Мейрамбек, Серікболсын Бекмолдин, Құралай Анарбек, «Балалар хоры», сондай-ақ «Бірлік» және «Гүлдер» би ансамбльдері өнер көрсетті.
FOLK SHOW — әлемдік музыка мен ұлттық өнерді біріктіріп, түрлі жанрларды бір сахнада тоғыстырған ерекше музыкалық саяхат.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз