«Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртіс-солистері лауазымына шығармашылық тыңдалым өткізеді
08.10.2026
«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртіс-солисті уақытша бос лауазымына баритон және тенор дауыстары бойынша үміткерлерді іріктеу мақсатында шығармашылық тыңдалым өткізілетінін хабарлайды.
Тыңдалым 2026 жылғы 15 қазанда сағат 11:00-де «Қазақстан» орталық концерттік залының дайындық залында өтеді.
Тыңдалым талаптары және қажетті құжаттар:
1. Портфолио
(барлық құжаттар төменде көрсетілген ретпен файл папкасында ұсынылуы тиіс):
1.1. Жеке куәлік;
1.2. Түйіндеме;
1.3. Атақтары мен лауреаттық жетістіктері көрсетілген шығармашылық өмірбаян;
1.4. Білімі туралы дипломның түпнұсқасы немесе көшірмесі;
1.5. Марапаттардың, дипломдардың және алғыс хаттардың түпнұсқалары немесе көшірмелері (шығармашылық өмірбаянда көрсетілген ретпен файл папкасында ұсынылады);
1.6. Композиторлар мен мәтін авторлары көрсетілген кесте түріндегі вокалдық репертуар.
2. Комиссия мүшелеріне тыңдалым барысында ұсынылатын бағдарлама:
Шетел композиторларының операларынан күрделі ария;
Қазақстан композиторларының репертуарынан ария, романс немесе қазақтың халық әні.
Қосымша:
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда комиссия үміткерлерді тыңдалымға жібермеуге құқылы.
Комиссия мүшелері орындаушының бағдарламасын қысқартуға құқылы.
Комиссия жұмысының нәтижелері мен оның шешімдері түпкілікті болып табылады, қайта қарауға жатпайды және үшінші тұлғаларға жария етілмейді. Комиссия талқылаудың егжей-тегжейлерін, бағалау критерийлерін және қабылданған шешімдердің негіздемесін жария етпеу құқығын өзіне қалдырады.
Байланыс телефоны:
📞 +7 707 699 0856
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз