«ASTANA MUSICAL» ТЕАТРЫ «РОЗА БАҒЛАНОВА» МЮЗИКЛІН ҰСЫНДЫ
08.10.2026
«Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театрының «Роза Бағланова» мюзиклі сахналанды.
Қойылым көрнекті әнші, Қазақстанның Халық Қаһарманы Роза Бағланова тұлғасына деген құрметтің белгісіне айналды. Роза Бағланованың тағдыры мен шығармашылық жолы қазақ өнерінің тарихымен тығыз байланысты.
Спектакль көрерменге қазақ өнерінің дара тұлғасына айналған ұлы әншінің бай шығармашылық мұрасымен қайта қауышуға мүмкіндік берді. Роза Бағланованың өнері мен азаматтық ерлігі отандық мәдениет тарихында мәңгілік орын алды. Әншінің бейнесі халыққа адал қызмет етудің, патриотизм мен қайсарлықтың символы ретінде ерекше әсерлі көрініс тапты.
Мюзикл көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, Роза Бағланованың жарқын бейнесін сахнада қайта жаңғыртқан әсерлі қойылым болды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз