X

«COUPE MONDIALE 79» АЯСЫНДА ОЛЖАС НҰРЛАНОВТЫҢ ЖЕКЕ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

25.08.2026

Бүгін «Қазақконцерт» ұйымының концерт залында «Coupe Mondiale 79» халықаралық баянистер мен аккордеоншылар байқауы аясында белгілі баянист, «Coupe Mondiale» халықаралық байқауының 2021 жылғы жеңімпазы Олжас Нұрлановтың жеке концерті өтті.

Жеке концерттің халықаралық байқау аясында ұйымдастырылуының өзіндік мәні бар. Олжас Нұрланов – «Coupe Mondiale 79» байқауына әлемнің әр түкпірінен келген қатысушыларға, баян және аккордеон өнеріне енді қадам басып келе жатқан жас орындаушыларға кәсіби шеберлігімен үлгі бола алатын өнерпаз. Оның халықаралық байқаудағы жеңісі мен әлемдік сахналардағы жетістіктері табандылық пен үздіксіз ізденістің биік нәтижеге жеткізетінін көрсетеді. Сондықтан бұл концерт жас музыканттарға шығармашылық серпін беріп, олардың кәсіби дамуына жаңа бағыт-бағдар ұсынған тағылымды кеш болды.

Әлемдік классика мен ұлттық музыка үндескен кеш Олжас Нұрлановтың жоғары орындаушылық шеберлігін танытып, баян аспабының көркемдік және техникалық мүмкіндіктерін жан-жақты ашты деуге негіз бар.

Айта кетейік, бүгін халықаралық «Coupe Mondiale 79» байқауының екінші күні. Әлемдік дода ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстанда және Орта Азияда алғаш рет өтіп жатыр. Ал, жобаның басты демеушісі  - «Halyk bank» АҚ.

Поделиться в соц. сетях: