X

«ASTANA MUSICAL» ТЕАТРЫ КӨРЕРМЕНГЕ «№13» КОМЕДИЯСЫН ҰСЫНДЫ

31.10.2026

Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұңғыш мемлекеттік мюзикл театры «Astana Musical» ағылшын драматургі Рэй Кунидің «№13» комедиясын көрермен назарына ұсынды.

Қойылым оқиғасы бес жұлдызды қонақүйдің 13-нөмірінде өрбиді. Саяси қарсыласының хатшысымен құпия кездесу ұйымдастырған Ричард Уилли күтпеген жағдайға тап болады, бөлменің терезе жақтауынан адам денесі табылады. Осы сәттен бастап кейіпкерлер бірінен соң бірі туындайтын қиындықтардан шығуға тырысып, күлкілі әрі шым-шытырық оқиғалардың ортасында қалады.

Театрдың көркемдік жетекшісі, режиссер Еслям Нұртазин сахналаған туындыда өткір әзіл мен тосын оқиғалар музыкалық партиялармен үйлесім тапқан. Музыка кейіпкерлердің мінезін аша түсіп, қойылымның эмоциялық әсерін күшейтеді.

Поделиться в соц. сетях: