X

АСТАНАДА РОЗА БАҒЛАНОВА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОКАЛДЫҚ КОНКУРС ӨТЕДІ

02.03.2026

Ауқымды мәдени шара Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Халық ҚаҺарманы, аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың шығармашылығын кеңінен насихаттауға, ұлттық және әлемдік мәдениеттің үздік дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғыртуға, сондай-ақ жас вокалисттерді қолдауға бағытталған.

Конкурсты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы өткізеді.

 

Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

 

1. I кезең (іріктеу) – 8 сәуірден 17 сәуірге дейін онлайн форматта

2. II кезең – 13 мамыр күні офлайн форматта

3. Жеңімпаздар мен диплом иелерін марапаттау рәсімі және Гала-концерт – 14 мамыр

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 23 ақпан мен 8 сәуір аралығында қабылданады. Егер қатысушылар санының лимиті асып кетсе, Қазақконцерт өтінімдерді қабылдауды белгіленген мерзімге дейін тоқтатуға немесе өтінімдерді қабылдауды ұзартуға құқылы.

 

Кокнкурсқа 18 бен 35 жас аралығындағы эстрада жанрының вокалистері, республикалық және халықаралық байқаулардың, телевокал байқауларының қатысушылары, Қазақстан Республикасы мен алыс және жақын шетелдердің мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.

 

Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес электрондық нысанда келесі құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, өтінім ұсынады (бұдан әрі – құжаттар топтамасы):

         - PDF форматындағы жеке басын куәландыратын құжаттың немесе төлқұжаттың сканерленген нұсқасы;

      - шығармашылық өмірбаян;

         - Конкурс қатысушының 13х18 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреті (JPEG форматында);

      - білімі туралы дипломның сканерленген нұсқасы;

      - лауреат дипломдарының сканерленген нұсқасы (бар болса);

      - оқу орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы (студенттер үшін);

      - USB (флэш-диск) тасымалдағыштарындағы фонограммалар;

       - Роза Бағланованың репертуарындағы әндерді сапалы бейне орындау (альбомдық, МP4 немесе MOV форматта).

         Осы тармақта көзделген нысанға сәйкес және (немесе) құжаттар топтамасын қоса бермей ресімделген өтініштер қарастырылмайды.

 

Конкурс номинациялары бойынша келесі ақшалай сыйлықтар белгіленеді:

1) Гран-при – 2 000 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда);

2) І орын – 1 500 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда);

3) ІІ орын – 1 000 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда);

4) ІІІ орын – 500 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда).

           Ақшалай сыйлықтар Конкурс лауреаттарының жеке банк шоттарына аудару арқылы төленеді.            

           Ақшалай сыйақыларды аудару үшін Қазылар алқасының Хаттамасы негіз болып табылады. 

           Өз номинацияларының жеңімпаздарын дербес айқындайтын демеуші ретінде әрекет ететін заңды және жеке тұлғалардың көтермелеулеріне жол беріледі.

         Конкурс қатысушылары I кезеңде (іріктеу) Роза Бағланованың репертуарынан 2-қосымшаға сәйкес 1 (бір) әнді және әлемдік хиттерден 1 (бір) танымал әнді орындайды.

         II кезеңге қатысушылар Роза Бағланованың репертуарынан 2-қосымшаға сәйкес, 1 (бір) әнді және кез келген музыкалық жанрда Конкурсқа қатысушы елдің мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін көрсететін 1 (бір) әнді орындайды, Гала- концертте Роза Бағланованың репертуарынан 2-қосымшаға сәйкес II кезеңде орындалған 1 (бір) әнді орындайды.

           Конкурста I (іріктеу) және II кезең үшін ән бір рет орындалады.

Алдыңғы Конкурстың Гран-при және I-орын лауреаттарына байқауға қайта қатысуға болмайды.

         Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қатысушылар конкурсқа қатысу үшін Қазақконцерттің ресми шақыруы негізінде ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен визаларды, сақтандыруды, консулдық алымдарды дербес ресімдейді.

          Жататын орын, тамақтану және ішкі трансфер Қазақконцерттің қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Конкурс қатысушылардың Астана қаласына дейін және кері қарай көлік шығындары қатысушылардың қаражаты есебінен төленеді.

         Астана қаласына әуе және теміржол билеттерін Қазақконцертпен келісілгеннен кейін ғана сатып алуға болады.

       Өтініштер мына электрондық поштаға жіберіледі: a.issin@qazaqconcert.kz, анықтама телефондары: +7 (7172) 705-291, +7 (707) 522 0464, +7 (702) 336 8796;

 

 

 

Халық Қаһарманы Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық конкурсын өткізу ережесіне

1-қосымша                                                                 

      Форма

Халық Қаһарманы Роза Бағланова атындағы Халықаралық вокалдық конкурсына қатысуға өтінім
 

Қатысушының  Аты-жөні

 

Қатысушының  шығармашылық лақап аты (бар болса)

 

Туған күні

 

Тұрғылықты мекенжайы

 

Оқу немесе жұмыс орны (білім беру ұйымдарының ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып)

 

Жеке басын куәландыратын құжат, төлқұжат

 

I тур (Іріктеу)

Шығу бағдарламасы:

 

Іріктеу кезеңінің бейнежазбасына сілтеме: Сүйемелдеу ретінде заманауи өңдеу дыбысы бар музыкалық аспаптар мен фонограммаларды (режим (-)) пайдалануға рұқсат етіледі. Бейне түсіру монтажсыз, бейнекамераны өшірілмей, тоқтатылмай, орындаудың басынан аяғына дейін жүргізілуі тиіс.

 

II тур бағдарламасы:

 

Байланыс ақпараты: тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, әлеуметтік желілерге сілтемелер (Instagram, META, TikTok және т.б.)

 

Жарнамалық мақсатта қатысушының орындауындағы фото және бейнематериалдарды пайдалануға келісемін.

 

___ __________ 2026 жыл

(күні)

 

_____________

қол қою

 

 

Халық Қаһарманы Роза Бағланова атындағы Халықаралық вокалдық конкурсын өткізу ережесіне

2-қосымша

                                                                

Роза Бағланованың репертуарындағы әндер тізімі

  1. «Ақ көгершін»;
  2. «Ақмандайлым»;
  3. «Амал жоқ қайттым білдірмей»;
  4. «Іңкәрім-ай»;
  5. «Әдемі-ау»;
  6. «Ахау керім»;
  7. «Ахау Семей»;
  8. «Асыл арман»;
  9. «Аяджан»;
  10. «Бұлақ басында»;
  11. «Аяулым, арманымдай асылым ең»;
  12. «Мечта девушки»;
  13. «Бурылтай»;
  14. «Елімнің бір еркесі мен боламын»;
  15. «Жұлдызым»;
  16. «Қайдасың»;
  17. «Бәрінен де, сен сұлу»;
  18. «Махаббат вальсі»;
  19. «Дудочка»;
  20. «Еркем-ай»;
  21. «Екі жирен»;
  22. «Желсіз түнде»;
  23. «Ақ тамақ»;
  24. «Жайдарман»;
  25. «Халқым туралы ән»;
  26. «Айналайын»;
  27. «Кәмшат бөрік»;
  28. «Қара торғай»;
  29. «Қилым қас»;
  30.  «Козленок»;
  31. «Майраның әні»;
  32. «Под дугой колокольчик поет»;
  33. «Ах, Самара городок»;
  34. «Сәулем-ай»;
  35. «Светит месяц»;
  36. «Светлячок»;
  37. «Сырымбет»;
  38. «Танцуй, танцуй»;
  39. «Темная ночь»;
  40. «Том башида»;
  41. «Торади»;
  42. «Травушка-муравушка»;
  43. «На солнечной поляночке»;
  44. «Чебарок»;
  45. «Чеченский вальс».
  46. «Марш 26 июля»;
  47. «Научить тебя Ванюша»;
  48. «Гарци-цветок»;
  49.  «Посею лебеду на берегу»;
  50. «Маленькая пряха»;
  51. «Прелестные глазки»;
  52. «Әлі есімде»;
  53. «Сен ғана»;
  54. «Кестелі орамал»;
  55. «Тук-Тук»;
  56. «Будь со мной».

Поделиться в соц. сетях: