X

«НЕМІС РОМАНТИКАСЫ» КОНЦЕРТІ ӨТТІ

20.09.2026

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ұйымдастыруымен «Неміс романтикасы» концерті өтті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік FORTE TRIO триосы ұсынған кеш Франц Шуберттің шығармашылығына арналды.

FORTE TRIO композитордың №2 фортепианолық триосын, «Auf dem Wasser zu singen» және «Ständchen» шығармаларын орындады.

Бағдарламаның вокалдық бөлімінде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Азат Мәлік пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев Шуберттің «Прекрасная мельничиха» циклінен «Das Wandern» және «Wohin?», «Зимний путь» циклінен «Frühlingstraum» және «Die Post» туындыларын ұсынды.

Аспаптық және вокалдық туындылар тоғысқан концерт тыңдарманды неміс романтизмінің сырлы әлеміне жетеледі.

Поделиться в соц. сетях: