X

«Қазақконцерт» жаңа трио құрамына әртіс-солистерді шақырады

08.09.2026

«Қазақконцерт» жаңа трио құрамына әртіс-солистерді іріктеу мақсатында шығармашылық тыңдалым өткізеді.

Тыңдалымға 18-24 жас аралығындағы, кәсіби вокалдық қабілеті жоғары, сахналық мәдениеті қалыптасқан және ансамбль құрамында өнер көрсетуге бейімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қатысушылар екі түрлі бағыттағы вокалдық шығарма дайындауы қажет:

  • бір шығарма қазақ тілінде;
  • екіншісі шет тілінде орындалуы тиіс.

Жалпы орындау уақыты 10 минутқа дейін. Шығармаларды музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен немесе «минус» фонограммамен орындауға болады. Комиссия қатысушыдан шығарманың белгілі бір бөлігін a cappella форматында орындауды сұрауы мүмкін.

Іріктеуден өткен қатысушылар «Қазақконцерт» ұйымының трио құрамына қабылданып, концерттік бағдарламаларға, шығармашылық жобалар мен гастрольдік сапарларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Тыңдалым күні: 2026 жылғы 21 қыркүйек
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: «Қазақстан» орталық концерт залының Камералық залы.

Поделиться в соц. сетях: