«Қазақконцерт» трио құрамына әртіс-солистерді іріктеу үшін шығармашылық тыңдалым өткізеді
10.09.2026
«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК трио құрамына әртіс-солисттерді іріктеу үшін шығармашылық тыңдалым өткізетінін
ХАБАРЛАЙДЫ
Тыңдалым 2026 жылдың 21 қыркүйек күні, сағат 11:00 де «Қазақстан» орталық концерттік залының камералық залында өтеді. Тыңдалымға 18-24 жас аралығындағы қыздар қатыса алады.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК-ның (бұдан әрі – Ұйым) трио құрамына солист-әншілерді іріктеу мақсатында өткізілетін тыңдалымды (бұдан әрі – Тыңдалым) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
1.2. Тыңдалымның негізгі мақсаты – кәсіби вокалдық қабілеті жоғары, сахналық мәдениеті қалыптасқан, ансамбльдік орындауға бейімі бар жас әншілерді анықтау және Ұйымның трио құрамына қабылдау.
1.3. Тыңдалым ашық конкурстық негізде өткізіледі.
1.4. Тыңдалымға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
1.5. Тыңдалымға тек 18-24 жас аралығындағы (қыздар) орындаушылар қатыса алады.
1.6. Тыңдалымға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады.
1.7. Тыңдалым нәтижесінде іріктелген қатысушылар трио құрамында концерттік, шығармашылық, гастрольдік және басқа да Ұйым бекіткен іс-шараларға қатысуға дайын болуы тиіс.
2. Тыңдалымға қатысушыларға қойылатын талаптар
2.1. Тыңдалымға:
2.2. Қатысушылар келесі вокалдық бағыттардың бірінде немесе бірнешеуінде дайындалған болуы мүмкін:
2.3. Қатысушының дауыс диапазоны, тембрі, интонациялық тазалығы, музыкалық естуі, ырғақ сезімі, дикциясы және орындаушылық мәнері бағаланады..
3. Тыңдалым бағдарламасына қойылатын талаптар
3.1. Әрбір қатысушы екі түрлі бағыттағы вокалдық шығарма дайындауы тиіс.
3.2. Тыңдалым бағдарламасы міндетті түрде:
1-шығарма – қазақ тілінде;
2-шығарма – шет тілінде орындалуы тиіс.
3.3. Екі шығарма бір-бірінен музыкалық сипаты, орындаушылық мәнері немесе жанры бойынша ерекшеленуі ұсынылады.
3.4. Қатысушының екі шығармасының бір-бірін қайталамауы және оның вокалдық мүмкіндігін барынша көрсетуі ұсынылады.
3.5. Әр шығарма толық немесе Тыңдалым комиссиясы белгілеген үзінді көлемінде орындалуы мүмкін.
3.6. Ұсынылатын жалпы орындау уақыты – 10 минутқа дейін.
3.7. Шығармаларды орындау кезінде:
3.8. Комиссияның шешімі бойынша қатысушыдан шығарманың белгілі бір бөлігін a cappella орындау сұралуы мүмкін.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз