Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Римде концерт берді
20.04.2026
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігінің атсалысуымен 2026 жылғы 19 сәуірде Рим қаласындағы әйгілі Teatro Palladium сахнасында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің камералық құрамының концерті өтті.
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі жергілікті көрерменге Эдвард Григ, Төлеген Қажғалиев, Антонио Вивальди, Камиль Сен-Санс, Фриц Крейслер сынды әлемдік музыка өнерінің көрнекті өкілдерінің жауһар туындыларын ұсынды.
Сахна төрінде Қазақстанның Халық әртісі, профессор Айман Мұсахаджаевамен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Дүйсенбаев, беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары Жібек Мусургалиева, Рахиль Мұсақожа, Әйгерім Ерғалиева, Мадина Бекмадиева және Далер Далишев өнер көрсетіп, концерттің мазмұнын байыта түсті.
Рим төрінде өткен бұл мәдени кеш Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени байланысты нығайтып, отандық орындаушылық өнердің жоғары кәсіби деңгейін халықаралық көрерменге танытты.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз