X

Астанада Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 120 жылдығына арналған концерт өтті

11.11.2026

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаған көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 120 жылдығына арналған «Тұңғыш саундтрек» концерті өтті. 

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің орындауындағы концерт қазақ музыка өнерінің алтын қорына енген таңдаулы шығармаларды қамтыды. Кеш барысында Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі», «Бұлбұл», «Ләйлім», «Елік-ай» әндері, сондай-ақ атақты «Абай» операсынан «Би сюитасы», «Қарлығаш», «Айдар мен Ажардың дуэті», «Абай ариясы» сынды туындылар орындалды. 

Концерт барысында 1938 жылы жарық көрген қазақ кино тарихындағы алғашқы дыбыстық «Амангелді» көркем фильмінің музыкасы қайта жаңғырды. Бұл концерт бағдарламасындағы ерекше сәттердің бірі болды. 

Концертте белгілі опера әншілері өнер көрсетті. Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестріне ұжымның көркемдік жетекшісі Мирас Нұржанов дирижерлік етті.

Поделиться в соц. сетях: