X

Қазақконцерттің Алматы қаласындағы филиалы

    "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының Алматы қаласындағы филиалы 2016 жылы ашылды. Қазақстандық мәдениеттің көш басындағы ең ірі музыкалық ұжымның филиалы отандық өнердің дамуына, ұлт руханиятының жаңғыруына өзінің сүбелі үлесін қосып жүр. Филиалдың директоры – белгілі әнші, композитор, Қазақстан Республикасының Халық артисі Алтынбек Қоразбаев.


    Қазақконцерт филиалының құрамында қазақстандық сахна өнерінің майталмандары мен белгілі әншілері еңбек етеді. Олардың қатарында: Сара Тыныштығұлова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова, Бағдат Самидинова, Бибігүл Қилымхан, Сүлеймен Ибрагимов, Жеңіс Ысқақова, Жанболат Ербатыров, Жазира Байырбекова, Сая Махамбет, Райым Уайыс, «Меломен»"Азия" топтары және т.б.


    Филиалдың солистері мен шығармашылық ұжымдары республика өңірлерінде гастрольдік қызметпен белсене айналысып, үздік өнер туындылары мен концерттердің барша халыққа қолжетімдігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар халықаралық дәрежедегі байқаулар мен фестивальдарға қатысып, заманауи қазақстандық өнердің танымалдылығын арттырып жүр.