X

«Rosa Lunaire» мүсінінің тұсаукесері өтті

14.12.2021

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  "QAZAQSTAN" ОКЗ-да "Rosa Lunaire", яғни  "Даланың раушан гүлі" атты  бірегей мүсіннің тұсаукесері өтті. Іс-шара Италияның Қазақстандағы Елшісі Марко Альбертидің қатысуымен Заманауи итальяндық өнер күндері-2021 аясында өткізілді.

Туындының авторы – белгілі суретші Луиза Валентини. Ол Accademia Albertina, Турин бейнелеу өнері академиясының (Италия) сәндік мүсін профессоры.


Бұл бірегей инсталляцияның "QAZAQSTAN" ОКЗ-ға сыйға берілуінде ерекше мән бар. Бірегей, теңдесі жоқ мәдени кешеннің архитекторы – итальяндық сәулетші Манфреди Николетти. Маэстро бұл керемет туындыны «Дала гүлі» деп атап кеткен. «QAZAQSTAN» концерт залының ерекше кескіні музыка мен табиғаттың үйлесімін бейнелеп, елордамыздың асқақ рухын көрсетеді.

Әлемдік мәдени кеңістіктің бір бөлігі болған "QAZAQSTAN" орталық концерт залында Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" ұйымы жемісті еңбек етуде.

Поделиться в соц. сетях: