X

Еліміздің әртістері Бішкекте өнер көрсетті

07.10.2021

Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Мәдениет күндері аясында Бішкек қаласында Қазақконцерт әншілері мен еліміздің өзге де танымал әртістері өнер көрсетті.


Салтанатты іс-шара Бішкек қаласындағы Т.Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында өтті.

  

Іс-шараға Қырғыз елінің Президенті Садыр Жапаров, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев пен екі елдің өнер қайраткерлері қатысты




Поделиться в соц. сетях: