X
"BIRLIK" ансамблі

Фото

Әртіс туралы
«БІРЛІК» ансамблі Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымы жанынан құрылған. Ансамбльдің мақсаты – әлем халықтарының билерін кәсіби деңгейде меңгеріп, жанды музыкалық сүйемелдеумен орындау, Қазақстан жастарын түрлі ұлттардың өнері мен мәдениетімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстан халқының көпұлттылығы мен бірлігін ұлттық мәдени код ретінде санаға сіңіруге үлес қосу. Ансамбль құрылмас бұрын репертуар жасақталып, әртүрлі ұлт өкілдерінен және мультиаспапта орындау шеберлігі бар 20 үздік биші мен музыкант іріктеліп, үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – АНЕЛЬ МАРАБАЕВА.

Поделиться в соц. сетях: