Жарқын әзілге толы кеш: «ASTANA MUSICAL» театры «№13» комедиясын сахналады
04.04.2026
«№13» комедиясы тамаша өтті. Көрермендер күлкілі жағдайлар мен күтпеген оқиғаларға толы қызықты қойылымға куә болды.
Британ театрындағы ең үздік комедиялардың бірі болып танылған атақты қойылым көрермендерге өткір әзіл, шексіз күлкі мен күтпеген оқиғаларға бай ерекше кеш сыйлады.
«№13» комедиясы қоғамның игілігі үшін қызмет атқарудың орнына демалуды ұйғарып, бес жұлдызды қонақүйдің 13-нөмірінде өзінің саяси қарсыласының хатшысымен кездесу ұйымдастырған Ричард Уиллидің басынан өткен оқиғасы аясында өрбиді. Қызықтың көкесі кездесу барысында терезе жақтауынан адам денесі табылған кезде басталады.
Спектакль комедия, мелодрама және қылмыстық интригалар бір-бірімен ұштасқан қызықты оқиғалар желісінен құралған. Режиссер Еслям Нұртазиннің нұсқасы музыкалық партиялар арқылы кейіпкерлердің мінезін ашып, спектакльге одан да қанық эмоционалды реңк беруге негізделген.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз