Елордада «Алдар көсе» мюзиклы өтті
24.03.2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры көрермен назарына «Алдар көсе» мюзиклын ұсынды. Балаларға арналған ертегіні музыкалық драманың тілімен, мюзикл жанрымен жеткізуге тырысқан шығармашылық ұжым қойылымның сценарийін де жас көрермендер қызығып қарайтындай, жас бүлдіршіндердің талғамына сай жазылған. Қойылым сюжеті ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, қазақ ауыз әдебиетіндегі ерекше кейіпкер Алдар көсенің бейнесін өскелең ұрпақтың сұранысына сай қызықты әрі заманауи тұрғыда көрсетеді. Қазіргі қоғамда Алдар көсе туралы қалыптасып қалған кереғар пікірлер мен екіұшты ойлардың жетегінде жүрген көпшілікке ертегі кейіпкерін басқа қырынан танытады.
Сахнаның ұлттық нақышта безендірілуі, қасиетті тайқазан, қазақи ою, астарлы әзілдері мың бұралған динамикалық билермен, Алдардың бойтұмарына айналған Молдабайдың әні замануи әндермен ұштасқан ауқымды қойылымның ажарын талантты және кәсіби актерлердің тамаша ойындары аша түсті.
Осылайша Қазақконцерт залына жиналған жұртшылық мән-маңызын жоғалтпай, заман талабына сай бейімделген мюзиклды зор ықыласпен қарсы алып, өнерпаздарға қошеметтерін аямады.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз