Қазақконцертте Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған концерт өтті
15.05.2026
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 15 мамыр күні Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Төгейін жырды халқыма» концерті өтті.
Концертте өнерпаздар жанды дауыста ән шырқап, көрерменге Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы қызық деректер ұсынылды.
Сахнада Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Құмарбек Қалқатай Ерболат Шалдыбеков, Қайрат Айтбаев Нұрболат Арзамасұлы
Анар Құмарова Айзат Қарабек, Мәдениет саласының үздігі
Бауыржан Мұхаметбай, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Әлихан Дүйсенбай, Жаслан Кәрім, Мағұрлан Әлкен сынды әншілер өнер көрсетті.
Жамбыл Жабаевтың асыл мұрасы концерт барысында орындалған шығармалар арқылы көрерменге жақыннан таныстырылып, ақын поэзиясының көркемдік және рухани құндылығы айқын ашылды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз