Қазақконцертте «Astana sazy» ансамблінің «Аспаптар шеруі» атты концерті өтті
27.02.2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Astana sazy» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің «Аспаптар шеруі» атты жеке концерті өтті.
Еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдарының бірі «Astana sazy» ансамблі ерекше концерттік бағдарлама ұсынды. Концертте көрермен қазақ дәстүрлі музыкасының алуан түрлі композицияларымен танысып, фольк, этно-джаз, этно-панк және заманауи үн үйлесім тапқан керемет кештің куәсі болды.
Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерболат Шалдыбеков, Айзат Қарабек, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әділхан Макин, Мәдениет саласының үздігі Заңғар Мүбәраков, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Аққанат Смағұлова, Жаслан Кәрім қатысты.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз