Қазақконцертте «Ғашықтық» атты музыкалық кеш өтті
10.05.2026
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдауымен «Қазақконцерт» сахнасында отбасылық домбырашылар дуэті – Ардақ Елеусіз бен Тоғжан Үмбеттің «Ғашықтық» атты концерті өтті.
Кеш шымылдығы «Ерке сылқым» күйімен ашылып, көрерменді ұлттық әуеннің терең әлеміне жетеледі. Сахнада Құрманғазының «Науысқы», Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу», Төлеген Момбековтің «Салтанат», Қаршыға Ахмедияровтың «Қосбасар» сынды таңдаулы күйлері орындалды.
Ардақ Елеусіз бен шәкірті Сұлтан Мұхаммед «Секіртпе» күйін орындап, көрермен ықыласына бөленді. Сонымен қатар Ардақ Елеусіз авторлық шығармасы «Шерменде» күйін көрермен назарына ұсынды.
«SAZ&SOUL» ансамблінің сүйемелдеуімен ұлттық нақыш пен заманауи ырғақ әсем үндестік тапты. Көпшілікке белгілі әндерден құралған попурри кештің шырайын аша түсті.
Сахнада «Жас көрермен»театрының актерлері өнер көрсетіп, көрерменге «Гаухартас» қойылымынан үзінділер ұсынды.
«Ғашықтық» концерті – ұлттық өнердің терең болмысын жаңа қырынан танытқан әсерлі әрі есте қаларлық мәдени кеш болды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз