X

Қазақконцертте Мәдениет Ешекеевтің 90 жылдығына арналған «СҰРЖЕКЕЙ» концерті өтті

08.05.2026

Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт сахнасында Мәдениет Ешекеевтің 90 жылдығына арналған Айдос Саниязбекұлының «Сұржекей» атты алғашқы шығармашылық кеші өтті. 
 
Бұл концертті күміс көмей Біржан Салдың «Айтбай» әнімен шымылдығын түріп, халыққа терең тебіреніс әсер сыйлады.
 
Сахнада шырқалған «Майда қоңыр», «Көгаршын», «Қанатталды» мен «Гауһартас» шығармасының сырлы әуені көрермен жүрегін тербеп, кештің рухани әсерін одан әрі асқақтата түсті.
 
Ардақ Елеусіз бен Тоғжан Үмбет дуэтінің орындауындағы «Жалғыз аққу» туындысы халықтың ыстық ықыласына ие болды.
 
Дегенмен, кештің ерекше сәттерінің бірі – «Сұржекей» туындысының сахналануы болды. Шығарма бейнежазба форматында ұсынылып, алғаш болып қазақ өнерінің көрнекті өкілі Мәдениет Ешекеевтің орындауында көрсетілді. Ал шәкірті Айдос Саниязбекұлы әнді жалғастырып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. 
 
Концерт барысында көрермен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали мен Еркін Шүкіманның жоғары деңгейдегі шеберлігіне тәнті болды.

Поделиться в соц. сетях: