Белгілі жырау Алмас Алматовтың 70 жас мерейтойына арналған «Біздің жәрмеңке — жыр-дастан» концерті өтті
27.04.2026
Қазақконцерт сахнасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен белгілі жырау, фольклор зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматовтың 70 жас мерейтойына арналған «Біздің жәрмеңке — жыр-дастан» атты концерті өтті.
Кеш барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның құттықтау хаты оқылды.
Мерейтойлық кеште жыр-дастандар мен терме-толғаулар орындалып, көрерменге әсерлі де мазмұнды жыр кеші ұсынылды. Мерейтой иесіне өзге де өнер иелерінен құттықтаулар жолданды. Кештің басты ерекшелігі — ұрпақтар сабақтастығы болды. Сахнада Алмас Алматов «Жыр бастау» шығармасын көрерменге тарту етсе, немере-шөбере шәкірттері де өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, Ақтамберді, Оңғар, Махамбет, Жамбыл, Шернияз, Тұрмағамбет, сондай-ақ, Алмас Алматовтың және т.б. туындылары шырқалды.
Өнерпаздар жыр-термелерді «Astana sazy» ансамблінің сүйемелдеуімен орындады. Өнер кешінде жыршының қызметін белгілі айтыскер, ақын, жыршы, термеші Еркебұлан Қайназар атқарып, көрерменге кеш қатысушыларын таныстырып отырды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз