X

«Қазақконцерт» ұйымында қызметкерлерге «Конституция – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында кездесу өтті

17.06.2026

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында қызметкерлерге «Конституция – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы рөлі мен тарихи маңызын насихаттау, құқықтық мәдениетті дамыту және жастардың құқықтық сауатын арттыру.

Кездесуге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Серік Еркімбеков, Қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Әлем қазақтары» журналының бас редакторы, Республикалық Қарттар Одағының басқарма мүшесі Үзбен Құрманбайұлы, ҚР ПІБ бас тәлімгерлер кеңесінің төрағасы, ҚР Президенттік орталығы директорының кеңесшісі, заңгер Серік Сыдықов және Қазақстан Жазушылар және Композиторлар Одағының мүшесі, Р. Бағланова атындағы Қазақконцерт мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Комплаенс қызметкері Ерқожа Тілепбердиев қатысты.

Жиын барысында Конституцияның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи маңызы, құқықтық мемлекет құрудағы Ата Заңның рөлі, заң үстемдігі қағидаттарын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.

Поделиться в соц. сетях: