X

«Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің әртісі лауазымына тыңдалым жалғасады

17.03.2026

«Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің
әртісі лауазымына (этникалық ұрмалы/үрмелі аспаптар, мультиаспапшылар) қабылдау үшін ер азамат орындаушыларды тыңдалым жалғасады.

Тыңдау талаптары:
1.    Орындаушының техникалық шеберлік деңгейін айқындайтын шығармалар орындау
2.    Нотаны бірден оқып орындау қабілетін тексеру
3.    Сұхбат (сұрақ-жауап)

Өтетін орны:
Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1,
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы, камералық зал


Өтетін уақыты:
2026 жылғы 18 наурыз, сағат 12:00

Байланыс телефоны:
тел.: +7 (747) 675-72-05

Резюмелер ruslan.makymov@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Поделиться в соц. сетях: