«Қазақконцерт» концерттік ұйымы директорының орынбасары тағайындалды
01.07.2026
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті КММ 2026 жылғы, 1 шілдедегі бұйрығымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы директорының орынбасары лауазымына Әділ Орынбасарұлы тағайындалды.
Орынбасарұлы Әділ 1989 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2010 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған, 2018 жылы Қорқыт-Ата мемлекеттік университеті, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын Астана қаласы әкімдігінің «Астана Қаласының Мемлекеттік театрлары» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кадр бөлімінің маманы болып бастаған.
Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасында, сондай-ақ «Астана қаласы мемлекеттік театры» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, Астана қаласы әкімдігінің Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры, Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Бәйтерек» монументінің директоры, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК бас директорының орынбасары сынды жауапты қызметтерді атқарған.
Мәдениет саласына қосқан елеулі үлесі үшін, ҚР Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен марапатталған.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз