Манарбек Ержановтың музыкалық мұрасы «Қазақконцертте» шырқалды
19.06.2026
2026 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында қазақ өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі Манарбек Ержановтың 125 жылдығына арналған «Сайра бұлбұл» концерті өтті. Кеш барысында «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері Манарбек Ержановтың шығармашылық мұрасынан туындылар мен қазақ халық әндерін орындады.
Кештің қонақтары Нұрболат Тапалов пен Берік Омаров қазақ халық музыкасы қорына енген шығармаларды ұсынып, концерттік бағдарламаны толықтырды.
Көрермендер баян, қылқобыз, сыбызғы және жетіген сияқты халық аспаптарының сүйемелдеуімен орындалған халық күйлері мен танымал шығармаларды тамашалады.
Шара қазақтың ұлттық музыкалық мұрасын сақтау және насихаттау, сондай-ақ Манарбек Ержановтың шығармашылық мұрасын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз