Қазақконцерт «БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ» ұлттық өнер мерекесін ұсынды
20.03.2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Ұлыстың ұлы күніне орай «БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ» ұлттық өнер мерекесі өтті.
Концерттік бағдарламада «Арнау», «27 қыз», «Бұл-бұл », «Дастархан», «Қазағымның дәстүрлері-ай», «Дархан дала» және т.б. туындылар орындалды.
Іс-шараға Қазақстанның Еңбек ері Айман Мұсахаджаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Серік Еркімбеков, Құмарбек Қалқатай, Медет Салықов, Ерлан Рысқали, Нұрболат Арзамасұлы, «Құрмет» орденінің иегері Айзада Капонова, «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегерлері Алтыншаш Мұқатаева, Анна Уварова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Азат Мәлік, Күнсұлу Түрікпен, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбет, Перизат Тұрарова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Бауыржан Мұхаметбай, Ғаламат Бейсеқожа, Жанту Дадабаев, Дидар Абдухалық, Венера Табыс, Нұрай Шеру, Талғат Аллаберинов, Дәрия Бекпенбет, Дильназ Жаңбырбай, Нұрсезім Саматқызы, Аслан Қуатов, сондай-ақ, «Astana sazy» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «SAZ&SOUL» тобы, G–бэнд, «Astana Musical» мемлекеттік театры қатысты.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз