Қазақстандық классика Италия төрінде
19.04.2026
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігінің атсалысуымен 2026 жылғы 19 сәуірде Рим қаласындағы әйгілі Teatro Palladium сахнасында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің камералық құрамының концерті өтті.
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі жергілікті көрерменге Э. Григ, Т. Қажғалиев, А. Вивальди, К. Сен-Санс, Ф. Крейслер сынды ұлы композиторлардың жауһар туындыларын тарту етіп, ерекше әсер сыйлады.
Сахна төрінде Қазақстанның Халық әртісі, профессор Айман Мұсахаджаевамен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Дүйсенбаев, беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары Жібек Мусургалиева, Рахиль Мұсақожа және Далер Далишев өнер көрсетіп, кештің көркін арттырды.
Рим төрінде өткен бұл кеш Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени байланысты жаңа белеске көтеріп, отандық орындаушылық өнердің жоғары кәсіби деңгейін айқын танытты.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз