«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры «SULU: хор-концерт» мерекелік бағдарламасын ұсынды
06.03.2026
«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры көрермен назарына 8 наурыз- халықаралық әйелдер күніне арналған «SULU: хор-концерт» мерекелік бағдарламасын ұсынды.
Бұл кеште театр әртістері елорда жұртшылығына өзгеше форматтағы театрландырылған қойылым мен естен кетпес көңіл күй сыйлады. Концерттік бағдарламада қазақтың халық әндерінен хор интерпретациялары, ретро-композициялар, сондай-ақ әлемге әйгілі әндер орындалды. Олардың қатарында Майкл Джексон, Фредди Меркьюри және Пол Маккартнидің туындылары, «Керім-ау айдай», «Көкшолақ», «Джулия», «Екі жирен», «Billie Jean» әндері бар.
Сонымен қатар көрермен назарына халық әндері мен әлемдік музыка классикасының заманауи өңдеулері, мюзикл ариялары мен ретро композициялар, жанды дауыстағы орындау, би және сахналық әрекет үйлесімі арқылы жасалған көркем сахналық туындылар ұсынылды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз