Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі «Tango Nuevo» концертін ұсынды
22.05.2026
Бүгін Қазақконцерт концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің «Tango Nuevo» концерті өтті.
Кеш бағдарламасы әртүрлі музыкалық мәдениеттердің орыс классикасынан бастап заманауи латынамерикалық музыка мен аргентиналық тангоның ерекше әуеніне дейін туындыларын тоғыстырды.
Концерт Петр Чайковскийдің «Серенадой для струнных» ашылды. Сонымен қатар, заманауи италиялық композитор Фабрицио Гаттаның фаготқа арналған «Mi Barrio» атты ерекше туындысы орындалды.
Кештің солисі — танымал италиялық виртуоз фаготшы Антонио Чичеро. Дирижерлік пультте республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Георгий Кожабеков өнер көрсетті.
Концерттің соңында жиналған қауым музыканттарды орындарынан тік тұрып, зор қошеметпен шығарып салды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз