X

«Гүлдер» ансамблінің артисі Мөлдір Нығыметова Астана қаласында өткен K-Stage байқауында «Solo show» номинациясы бойынша І орын иеленді

13.08.2026

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымына қарасты «Гүлдер» ансамблінің артисі Мөлдір Нығыметова Астана қаласында өткен K-Stage байқауында «Solo show» номинациясы бойынша І орын иеленіп, Оңтүстік Кореядағы жазғы би лагеріне тегін қатысу грантын жеңіп алған еді.

Шілде айының соңында Мөлдір Оңтүстік Кореяда өткен би лагерінің толық бағдарламасынан сәтті өтіп, оңтүстіккореялық кәсіби хореографтар мен педагогтердің шеберлік сабақтарына қатысты. Заманауи бидің түрлі бағыттары бойынша тәжірибесін жетілдіріп, халықаралық ортада кәсіби шеберлігін шыңдады.
Сондай-ақ Қазақконцерт артисі лагерь аясында ұйымдастырылған фестивальде өнер көрсетіп, қазақстандық би өнерін таныстырды.

Мөлдір Нығыметованы жетістігімен құттықтап, шығармашылық жолына жаңа жеңістер мен толағай табыс тілейміз!

Поделиться в соц. сетях: