«GULDER» ансамблі «EXPERIENCE №4» концерт-дәрісін ұсынды
14.06.2026
14 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «GULDER» ансамблінің «EXPERIENCE №4: Паванадан қазақ вальсіне дейінгі дәуірлер диалогы» концерт-дәрісі өтті.
Жоба – көрермендерді бірнеше ғасырды қамтитын би мәдениетінің даму тарихымен таныстырып, әр дәуірдің эстетикалық ерекшеліктерін, сахналық пластикасын көрсетті.
Концерттік бағдарламада павана, менуэт, полонез, вальс, танго, латино және қазақ вальсіне сияқты әртүрлі би жанрлары сахналанды.
«EXPERIENCE №4» жобасының авторлары – Халықаралық байқаулардың лауреаты, «GULDER»ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықова мен «GULDER» ансамблінің педагог-хореографы Дана Қуанышбекова.
Іс-шараға «GULDER» ансамблінің әртістері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алибек Альмадиев, эстрада әншісі Айсұлу Жак, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұрай Шеру, Батыржан Смақов, өнертану докторы Мадина Капеу-Коханова, Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері, сондай-ақ «SAMGA» квартеті қатысты.
«EXPERIENCE №4: Паванадан қазақ вальсіне дейінгі дәуірлер диалогы» концерт-дәрісі би өнерінің ғасырлар бойғы эволюциясын, ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасындағы байланысты көрсеткен бірегей жоба.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз