X

18 мамыр күні «Қазақконцерт» үлкен сахнасында бас дирижёр Дастан Ибрагимовтың жетекшілігімен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің концерті өтті

18.05.2026

18 мамыр күні «Қазақконцерт» үлкен сахнасында бас дирижёр Дастан Ибрагимовтың жетекшілігімен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің концерті өтті. 

Іс-шара жасөспірімдер арасында классикалық музыканы дәріптеп, олардың өнерге қызығушылығын арттыру және оқушыларды әлемдік музыка өнерінің үздік үлгілерімен таныстыру мақсатында Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушыларына арналды.

Кеш бағдарламасында әлемдік классиканың танымал туындылары орындалды. Атап айтқанда, Антонио Вивальдидің «Көктем» шығармасы, Моцарттың серенадасы, Эдвард Григтің туындылары, сондай-ақ Петр Чайковскийдің әйгілі «Щелкунчик» пен «Аққу көлі» балеттерінен үзінділер шырқалды.

Іс-шараның ерекше бөлігі – оқушылар мен оркестр арасындағы интерактив болды. Мектеп оқушылары сахнаға көтеріліп, музыканттардың жұмысымен жақын танысып, өздерін дирижёр рөлінде сынап көруге мүмкіндік алды.

Кеш соңында физикалық-математикалық мектебінің атынан Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің өнерпаздарына шынайы құрметтің және алғыстың белгісі ретінде «ықылас гүлі» табысталды.

Концерт оқушыларға классикалық музыка әлеміне тереңірек үңіліп, симфониялық оркестрдің ерекше атмосферасын сезінуге және биік өнермен жақынырақ танысуға мүмкіндік сыйлады.

Бұндай жасөспірімдерге арналған концерттер келешекте жалғасын табатын болады.

Поделиться в соц. сетях: