X

«Бірге шырқайық»

Күні: 30.09.2026 Уақыты: 19:30 Зал: Казахский Национальный оркестр народных инструментов им. Курмангазы

Сіздерді қазақ эстрадасының таңдаулы әндері шырқалатын «Бірге шырқайық» атты ерекше концерттік кешке шақырамыз!

Концертте Қазақстанның халық әртістері - Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері - Жеңіс Ысқақова, Жанна Орынбасарова, Дильназ АхмадиеваҚР мәдениет қайраткері Бибигүл Қилымхан,  Халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұрғалым Аманбай, Ербол Нариманұлы, «Azia» тобы және «Melomen» тобы өнер көрсетеді.

Кеш Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Дирижер - Абылай Тілепберген. Қазақ эстрадасының алтын қорына енген танымал әндер оркестрдің әсем әуенімен жаңа тыныс алып, көрерменге ерекше әсер сыйлайды.

Сонымен қатар, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары сахна төрінде бас қосып, сүйікті шығармаларын орындайды.

«Бірге шырқайық» – бұл ұлттық музыка мен заманауи эстраданың үндескен мерекесі, жүрекке жылы әсер сыйлайтын ән кеші. Көрермендерді жанды дауыс, кәсіби орындаушылық және ұмытылмас музыкалық атмосфера күтеді.

Поделиться в соц. сетях: