X
Перизат
Перизат Умарбекова
Толығырақ

Фото

Әртіс туралы

    Перизат Омарбекова – солист-биші, хореограф, балетмейстер, педагог.

    Білімі:

1993–1997 жж. – Алматы қаласындағы Қазақ қыздар педагогикалық университеті, музыка факультеті, хореография бөлімі, үздік дипломмен бітірген;

1999–2000 жж. – Үндістанның Дели қаласындағы «Катхак-Кендра» би университетінде біліктілігін арттырды.

Білімі: жоғары.

 

    Шығармашылық жетістіктері:

1992 ж. – Жамбыл облыстық «Қыз сыны» байқауында «Бас жүлде» иегері;

1999 ж. – Алматы қаласындағы «Алмалы-99» фестивалінің лауреаты;

2000 ж. – Үндістанның Дели қаласында өткен «ISSR» халықаралық студенттер фестивалінің «First Prize» жүлдегері;

2003 ж. – Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің III орын лауреаты;

2006 ж. – Алматы қаласында «Би еркесі – Перизат» атты алғашқы жеке шығармашылық кешін өткізді;

2009 ж. – VI Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты;

2012 ж. – «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» атағына ие болды;

2015 ж. – «Қазақконцерт» сахнасында қазақ биіне арналған «Биім менің – биік шың» атты екінші шығармашылық кешін өткізді;

2013–2020 жж. – «OMARBEKOVADANCE» жеке би мектебін басқарып, 100-ге жуық шәкірт тәрбиеледі;

2020 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды;

2022 ж. – «Қазақ қоғам қайраткерлері» одағының «Құрмет белгісі» және «Мәдениет майталманы» төсбелгілерінің иегері;

2025 ж. – Астана қаласында «Би-падиша» атты үшінші жеке мерейтойлық би кешін өткізді;

Қазақтың ұлттық және әлем халықтары билерін орындаушы. Репертуарында 30-ға жуық жеке биі бар.

    Еңбек жолы:

1997–1999 жж. – Қазақ қыздар педагогикалық университетінің музыка факультетінің хореография бөлімінде би пәндерінен дәріс берді;

1999 жылдан – «Қазақконцерт» концерттік өнер ұйымында солист-биші;

2016–2017 жж. – «Гүлдер» ән-би ансамблінің солист-бишісі;

2019–2020 жж. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде педагог-хореограф (қосымша);

2019–2021 жж. – «Ұзынағаш өнер мектебінде» педагог-балетмейстер (қосымша);

2020 жылдан – «Алатау» дәстүрлі өнер театрында солист-биші (қосымша);

Қазіргі уақытта – «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК Алматы қаласы филиалының жоғары санатты солист-бишісі.

Поделиться в соц. сетях: