X

«Бірлік» ансамблі Парижде Қазақстан мәдениетін таныстырды

14.10.2025

«Бірлік» ансамблі Парижде Қазақстан мәдениетін таныстырды

2025 жылдың 13 қазан күні  Париждің 17-ші округі мэриясының залында ҚР Франциядағы Елшілігінің «Қазақстанның Франциядағы күзі» мәдени жобасы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «QazElles» әйелдер қауымдастығының қолдауымен көпұлтты «Бірлік» ансамблінің концерті өтті.

Концерт бағдарламасында қазақ хореографиялық өнерінің үздік үлгілері ұсынылды. Солардың ішінде аты аңызға айналған күйші Нұрғиса Тілендиевтің күйінің сүйемелдеуімен орындалған «Аққу» биі көрермендерді ерекше тәнті етті. Сондай-ақ, көркемдік жетекші Анель Марабаеваның басшылығымен «Бірлік» ансамблі Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Корея Республикасы және Үндістан билерін орындап, Орталық және Оңтүстік Азия халықтарының мәдени мұрасының байлығы мен алуан түрлілігін паш етті.

Жергілікті тұғындар қазақстандық әртістердің өнерін зор ықыласпен қабылдап, олардың жоғары шеберлігін, сахналық мәдениетін және еліміздің мәдени алуан түрлілігін ерекше атап өтті.

 

Поделиться в соц. сетях: