X
«Менің Қазақстаным» атты Шәмші Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестивалі
«Менің Қазақстаным» атты Шәмші Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестивалі

«Менің Қазақстаным» - Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасына арналған халықаралық музыкалық фестиваль. Жоба Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың ұлттық музыка мәдениетіндегі айрықша орнын дәріптеуге және оның шығармаларын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Фестиваль бағдарламасында Шәмші Қалдаяқовтың кеңінен танымал әндері заманауи музыкалық өңдеулерде кәсіби орындаушылардың қатысуымен ұсынылады. Жоба аясында Қазақстандық және шетелдік өнерпаздардың шығармашылық ынтымақтастығына ерекше мән беріледі.

Жобаның негізгі идеясы - Шәмші Қалдаяқовтың музыкалық мұрасын жаңа буынға таныту, ұлттық музыкалық құндылықтарды сақтау және халықаралық мәдени ынтымақтастықты нығайту.

Фото