X
«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» концерттік-гастрольдік туры
«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» концерттік-гастрольдік туры

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның демеушілік қолдауымен жүзеге асырылған ауқымды мәдени жоба.

Жоба аясында еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдары, соның ішінде Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері Қазақстанның 17 өңірін қамтыған гастрольдік сапарға шықты.

Концерттік бағдарламалар облыс орталықтарында ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерде де өтіп, көрермендерге ұлттық және заманауи өнердің үздік үлгілері ұсынылды.

«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» – еліміздің өңірлеріндегі мәдени кеңістікті дамытуға және ұлттық музыкалық мұраны кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды мәдени бастама.

Фото