X

ЗЕЙІН

Күні: 12.12.2026 Уақыты: 17:00 Зал: Камералық зал

Мансап маңызды ма, әлде бізді үйде күтетін жандар ма?

«Зейін» — мансап, тиімділік пен технологияның соңына түсіп жүріп, жақындарымен де, өзімен де байланысы бірте-бірте үзіле бастаған адам туралы заманауи музыкалық спектакль.

Жұмысқа берілген, табысқа ұмтылған Зейін айналасындағы әлеммен байланысы үзіліп бара жатқанын аңғармайды. Өткен күн өзін еске сала бастағанда, ол өз қорқынышымен, өкінішімен және ауыр таңдаумен бетпе-бет келуге мәжбүр болады. Бірақ кеш болмай тұрып, ол қателіктерін түзете ала ма?

Мюзиклде технологияның адамға ықпалы, жан күйзелісі, жалғыздық, отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен босқа өткен уақыттың құны сынды бүгінгі қоғамның өзекті мәселелері көтеріледі.

«Зейін» — ешқандай жетістік жақындардың махаббаты мен қамқорлығын, жылуын алмастыра алмайтыны туралы ой салатын хикая.

Ешкімді бей-жай қалдырмайтын тұсаукесерден қапы қалмаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: