VIVA MOZART
Күні: 30.09.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Әлемдік ұлы композитор Вольфганг Амадей Моцарттың 270 жылдығына арналған ерекше музыкалық кешке шақырамыз.
Бағдарламада Моцарттың әйгілі операларынан үзінділер ұсынылады: увертюралар, ариялар, дуэттер және сахналық көріністер. Көрермендер «Фигароның үйленуі», «Дон Жуан», «Сиқырлы флейта» және әлемдік опера классикасының басқа да жауһар туындыларын тамашалайды.
Сахна төрінде Қазақстанның Мемлекеттік симфониялық оркестрі мен «Қазақконцерттің» жетекші классикалық әншілері өнер көрсетеді. Әрбір шығарма Моцарт музыкасының байлығын, драматизмін және нәзік әсемдігін айқын ашады.
Моцарт музыкасы — махаббат, сезім, таңдау мен адам тағдыры туралы сыр шертетін, ғасырлар өтсе де өзектілігін жоғалтпаған мәңгілік өнер.
Бұл кеш классикалық музыканы сүйетін көрермендер үшін ұмытылмас әсер сыйлап, әлемдік операның нағыз жауһарларымен жүздесуге мүмкіндік береді.
Ұлы Моцарт әлеміне музыкалық саяхат жасау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз