X

«СЫБАНҚҰЛДЫҢ СЫРЛЫ САРЫНЫ»

Күні: 19.12.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Камералық зал

Қазақтың дәстүрлі күй өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған күйші-композитор Сыбанқұл Қалбасұлының 160 жылдығына арналған кеш - ұрпақтан ұрпаққа жеткен асыл мұрамен қайта қауышатын ерекше сәт.

Кеш бағдарламасында күйшінің «Аққудың атамекеніне қайтқаны», «Аққудың балапандарын аймалауы», «Көк серке», «Жиренше шешен», «Түсіпханның зары», «Жосыған құлан», «Қара жорға» және өзге де туындылары орындалады. Әр күйдің әуезінен туған жерге деген сағынышты, адам жанының толғанысын, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен табиғаттың көркем бейнесін сезінесіз.

Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерболат Шалдыбеков, Нұрлан Бекенов, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбет, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ардақ Елеусіз, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Жанту Дадабаев, сондай-ақ Аяулым Жумекенова, Айбек Әрімбек, Дарын Құдайберген, Ардаби Мәулет, Әйгерім Елемес, Бауыржан Мәмбетбай, Ерсұлтан Медет өнер көрсетеді.

Бағдарламаны Ерболат Сапуанов жетекшілік ететін К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының ансамблі толықтырады. Шертердің сырлы үні, жеке орындаушылардың шеберлігі мен ансамбльдің үйлесімді орындауы ұлттық өнердің сан қырын аша түседі.

Күйдің қоңыр үнімен сырласуға шақырамыз!

Поделиться в соц. сетях: