X

ШӨМІШБАЙ САРИЕВ - 80 ЖЫЛ: «АТАМЕКЕН-АЙ»

Күні: 12.04.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал

Қазақконцерт танымал ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Атамекен-ай» атты концертке шақырады.

Шөмішбай Сариев жырлары әлдеқашан кітап парақтарымен ғана шектелмей, халықтың рухани әлеміне кеңінен таралды. Оның жыр жолдары көпшіліктің көңілінен шығып, сүйіп тыңдайтын әндер болып шырқалуда.

Концерттік бағдарламада автордың классикаға айналған таңдаулы шығармаларының ретроспективасы ұсынылады. Кеш қонақтары «Айналдым сенен, атамекен-ай»«Домбыра туралы баллада», «Сағындым сағым жылдар», «Аяулым», «Сен мұңыңды бер маған», «Еркеледің сен», «Өкінбе сен» және өзге де жауһар туындыларды тамашалай алады.

Сахнада Қазақконцерттің солистері өнер көрсетеді:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрлан Өнербаев, Жеңіс Ысқақова, Құрмаш Махан, Ерлан Рысқали, Гүлсім Мырзабекова

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Бауыржан Исаев, Алтыншаш Мұқатаева

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Асқар Мұқият, Аяулым Камажан

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Перизат Тұрарова;

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Асылхан Шалқаров, Ербол Тәжібаев, Қуандық Шалқарұлы, Дидар Абдухалық, Жанна Сандыбаева, Ақбөпе Әлібекова, Нұрай Шеру

«Gulder» ансамблінің балеті.

Сіздерді поэзия мен әсерлі әуен үндескен ғажайып кешті тамашалауға шақырамыз. Бұл кеш жүректеріңізге жылу сыйлап, шынайы өнермен қауышудың ұмытылмас әсерін тарту етпек!

Поделиться в соц. сетях: