САЙРА БҰЛБҰЛ
Күні: 19.06.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Камералық зал
Қазақконцерт сіздерді қазақтың көрнекті әншісі, Қазақстанның халық әртісі Манарбек Ержановтың 125 жылдығына арналған «Сайра бұлбұл» концертіне шақырады!
Кеш барысында «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері Манарбек Ержановтың шығармаларын орындап, оның бай музыкалық мұрасын көпшілікке ұсынады.
Сондай-ақ бағдарламада қазақтың халық әндері – «Ардақ», «Сәулем-ай», «Көк көгершін», сондай-ақ Ақан сері, Тәттімбет, Иса Байзақов сынды қазақ өнерінің дара тұлғаларының шығармалары шырқалады.
Бұл кеште сіздер Манарбек Ержановтың әндерін тыңдап қана қоймай, оның шығармашылық әлемі мен рухани болмысына тереңірек бойлай аласыздар.
Сіздерді ұлттық өнердің жауһарларымен қауыштыратын әсерлі музыкалық кеште күтеміз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз