NUMORI: КОРЕЙ ДӘСТҮРІНІҢ ЖАҢА ЫРҒАҒЫ
Күні: 26.10.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал
«Қазақконцерт» көрермен назарына Оңтүстік Кореяның дәстүрлі фьюжн бағытында өнер көрсететін NUMORI тобы мен қазақстандық Saz & Soul вокалды-аспаптық тобының бірлескен концертін ұсынады.
NUMORI K-Pop, K-Rock пен дәстүрлі корей музыкасын электроника және блюз-рок элементтерімен үйлестіріп, ұлттық сарындарға заманауи сипат береді. Ал Saz & Soul кешке өзіндік музыкалық бояу қосады.
Концертте корейдің самульнори ұрмалы музыкасы, ұлттық вокал, электрогитара мен электронды әуендер тоғысады. Көрермендерді жарқын ырғақтар мен ерекше музыкалық тәжірибеге толы әсерлі кеш күтеді.
Сахнада NUMORI тобының мүшелері Чон Джун (вокал, гитара), Ли Анна (клавишті аспаптар), Мун Санджун (чангу және квэнгари ұлттық ұрмалы аспаптары), Юн Сэён (вокал), сондай-ақ Saz & Soul ұжымы өнер көрсетеді.
Корей-қазақ көне музыкалық дәстүрі мен заманауи әуеннің үйлесімін NUMORI және Saz & Soul ұжымдарымен бірге сезініңіз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз