«№13» КОМЕДИЯСЫ
Күні: 31.10.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Камералық зал
«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры Рэй Кунидің «№13» комедиясына шақырады!
Британ театрындағы ең үздік комедиялардың бірі саналған атақты қойылым көрермендерге өткір әзіл, шексіз күлкі мен күтпеген оқиғаларға толы ерекше кеш сыйлайды!
«№13» комедиясының оқиғасы Ричард Уиллидің басынан кешкендері аясында өрбиді. Ол қоғам игілігі үшін қызмет етудің орнына демалуды ұйғарып, бес жұлдызды қонақүйдің 13-нөмірінде саяси қарсыласының хатшысымен кездесу ұйымдастырады. Ал қызықтың көкесі сол кездесу үстінде терезе жақтауынан адам денесі табылғанда басталады.
Спектакль — комедия, мелодрама мен қылмыстық қитұрқылық астасқан қызықты оқиғалар желісі. Жарқын кейіпкерлер, күтпеген бұрылыстар және тоқтаусыз әзіл: осының бәрі кешті күлкі мен қуанышқа толы мерекеге айналдырады.
Режиссёр Еслям Нұртазиннің нұсқасында музыкалық партиялар кейіпкерлердің мінезін ашып, қойылымға қанық сезім реңкін қосады.
Заманауи қазақстандық өнерді дәріптеп жүрген актёрлердің шебер ойыны мен көрерменге алуан сезім сыйлайтын қойылымға келіңіздер! Сіздерді нағыз қуаныш пен тамаша көңіл күй күтіп тұр!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз