X

«ӘН ӘЛЕМІМ» - АЙЗАТ ҚАРАБЕКТІҢ ЖЕКЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ

Күні: 07.11.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал

7 қараша күні Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Үлкен залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айзат Қарабектің «Ән әлемім» атты жеке шығармашылық концерті өтеді.

Үш бөлімнен тұратын концерттік бағдарламада ұлттық музыка мен заманауи эстраданың әсем үндестігі көрініс табады. Кештің алғашқы бөлімінде әнші домбыраның сүйемелдеуімен халық әндері мен термелерді орындайды. Сондай-ақ фольклорлық-этнографиялық ансамбльмен бірге «Мұхида-Шайбан», «Дедім-ай, ау», «Әгугай», «Сайра, бұлбұл», «Нұртуғанның термесі» және басқа да шығармалар шырқалады.

Екінші бөлім лирикалық әндерге арналады. Гитараның сүйемелдеуімен «Асыл жар», «Қыздарға әсемдік жарасады», «Қарағым-ай», «Нұрлы бейнең» секілді сырлы туындылар орындалады.

Концерттің қорытынды бөлімінде эстрадалық-симфониялық оркестр мен хордың сүйемелдеуімен «Таңғы тілек», «Кете алмайсың сен менен», «Ойымдасың», «Әгугәй», «Бабалар рухы» әндері көрермен назарына ұсынылады. Кештің көркін «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің мың бұралған бишілері аша түседі.

Айзат Қарабекпен бірге сахнада Қазақстанның халық әртісі Әлішер Кәрімов, танымал әнші Ернар Садырбаев (Әмре), Сатжан Шаменов және Айзада Кемел өнер көрсетеді.

«Ән әлемім» - халқымыздың бай музыкалық мұрасын дәріптеп, дәстүрлі ән, терме, лирика мен эстрадалық шығармаларды бір арнаға тоғыстыратын тағылымды кеш.

Поделиться в соц. сетях: