МЮЗИКЛ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Күні: 18.12.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры «Мюзикл әлеміне саяхат» атты театрландырылған бағдарлама ұсынады.
Көрермендерді театр әртістерінің қатысуымен өтетін жарқын өнер көрсетілімдері, әсерлі хореография мен күтпеген музыкалық тосынсыйлар күтеді. Бағдарламада танымал театр қойылымдары, анимациялық фильмдер мен әлемге әйгілі мюзиклдерден таңдап алынған ең жарқын музыкалық және би нөмірлері ұсынылады. Атап айтқанда, «Щелкунчик», «Сұлу мен құбыжық», «Мұзды өлке», «Аладдин», сондай-ақ «Moana», «Mamma Mia!», «Moulin Rouge», «Romeo and Juliet», «Beauty and the Beast», «Notre Dame de Paris», «Memphis», «Season of Love», «Waitress», «Hamilton» және басқа да туындылардың үздік эпизодтары көрермен назарына ұсынылады.
Жақында аншлагпен өткен қойылым көрермендердің сұрауы бойынша қайта сахнаға оралады. Барша әлемді бағындырған музыка мен керемет эмоцияларға толы мюзикл кешінен қапы қалмаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз