X

ҚОСАМЫН ӘНГЕ АТЫҢДЫ

Күні: 23.10.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Құрманғазы оркестрінің залы (Алматы қаласы, Абылайхан к-сі, 83)

«Қосамын әнге атыңды» - қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары бас қосатын, сағыныш пен сырға, махаббат пен әсем әуенге толы ерекше концерттік кеш.

Сахна төрінде Қазақстанның халық әртістері Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, сондай-ақ Айжан Нұрмағамбетова, Сүлеймен Ибрагимов, Жеңіс Ысқақова, Дильназ Ахмадиева, Бибігүл Қилымхан, «Меломен», «Azia» топтары және басқа да танымал әншілер өнер көрсетеді.

Концертте «Мен деп ойла», «Қарағым-ай», «Гүл сезім», «Аяла сен мені», «Жан досым», «Алматым жүрегімде», «Боз дала», «Сағындым Алматымды» сынды көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер шырқалады. Сонымен қатар көрермен назарына заманауи шығармалар мен ұлттық би өнерінің көркем үлгісі ұсынылады.

«Қосамын әнге атыңды» - бірнеше буын өкілдерін бір сахнада тоғыстырып, қазақ музыкасының кешегісі мен бүгінін сабақтастыратын әсерлі кеш. Көрермендерді әсем ән, әсерлі естеліктер мен көтеріңкі көңіл күйге толы концерт күтеді.

Поделиться в соц. сетях: