«ҚАЙРАН ӘКЕ»
Күні: 27.09.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Камералық зал
«Қайран әке» - Іле-Алтай-Тарбағатай күйшілік дәстүрінің көрнекті өкілі, күйші-композитор Нұрымбай Сүлейменұлының шығармашылығына арналған музыкалық кеш.
Нұрымбай Сүлейменұлы - Іле, Алтай және Тарбағатай өңірлеріне тән күйшілік мектептің орындаушылық ерекшелігін сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізген дарынды күйші әрі сазгер. Оның күйлерінде туған жерге деген сағыныш, елдік рух, ұлттық болмыс, адамгершілік пен ұрпақ тәрбиесі терең көрініс тапқан.
Кеш барысында көрермен назарына композитордың таңдаулы күйлері ұсынылып, оның шығармашылық мұрасы мен орындаушылық дәстүрі кеңінен насихатталады. «Халық қазынасы» ұлттық орталығының өнерпаздары мен Нұрымбай Сүлейменұлының ұрпақтары бір сахнада өнер көрсетіп, күй өнеріндегі ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісін паш етеді.
«Қайран әке» концерті - ұлттық мұраның құндылығын сезінуге, күй өнерінің терең әлеміне бойлауға және халқымыздың рухани қазынасымен қауышуға мүмкіндік беретін ерекше мәдени оқиға.
Сіздерді қазақтың дәстүрлі күй өнерін ұлықтап, дәріптейтін тағылымды музыкалық кештің куәсі болуға шақырамыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз