X

GALA: концерттік маусымның жабылуы

Күні: 27.06.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы көрермендерін 65-концерттік маусымның салтанатты қорытынды Гала-концертіне шақырады!

Маусым бойы жүзеге асқан жарқын жобалар, аншлагпен өткен концерттер, халықаралық гастрольдер мен шығармашылық жетістіктер – барлығы бір сахнада тоғысатын ерекше музыкалық кеш болмақ.

Гала-концертте «Қазақконцерттің» таңдаулы әртістері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Көрермендерді классикалық музыка, этно-фольклор, мюзикл, эстрада және ұлттық өнер үндескен әсерлі бағдарлама күтеді.

Кеш барысында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі, «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Gulder» ансамблінің балеті, «Turan» этно-фольклор ансамблі, «Birlik» ансамблі, Saz&Soul тобы, «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы, «Astana Musical» мемлекеттік театры, G-band және «Қазақконцерттің» танымал әртістері өнер көрсетеді.

Өнер маусымының ең жарқын музыкалық қорытынды кешін бірге қарсы алайық!

Поделиться в соц. сетях: